ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.
Дамытушы орта мыналарды:
• Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
• білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;
• балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.
Сенсорика кабинеті: біздің балабақшада маңызды даму ортасы ретінде қызмет етеді және балалар үшін қызықты, көп функциялы және тартымды болуға арналған. Бұл орта Монтессори Фребель Белгаум ойындарымен жабдықталған, саусақтардың моторикасын дамытуға арналған модульдер, геометриялық фигуралар мен түрлі-түсті тақталар, дидактикалық лабиринттер және жеңіл сурет салу үстелі.
Даму ортасы балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен іс-әрекетіне, балалардың қозғалыс белсенділігіне, сондай-ақ жеке өмірге мүмкіндік береді.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
– қауіпсіз;
– қолжетімді;
– әртүрлі;
– мазмұнды;
– көп атқарымды;
– өзгермелі; – тартымды.