Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Көктем" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли -сад "Көктем" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көктем" бөбекжайына" 0,75 штаттық бірлікке қазақ топтарына музыка жетекшісіне ашық конкурс жариялайды.

23.10.2025

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Көктем» бөбекжай» МКҚК  кезеңіне музыка жетекшісінің лауазымына ашық конкурс жариялайды.

 (0,75 штаттық бірлікке)

 

Лауазымдық айлық жалақысы: еңбек өтіліне байланысты 131 600 теңгеден 143 322 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, тәрбиелеу мен оқыту барысында денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына, жас ерекшелігіне сай оқу қызметінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асырады, заттық-дамытушы ортаны қалыптастырады, балалардың (ойын, танымдық, қимыл-қозғалыс, бейнелеу, еңбек) іс-әрекетін басқарады.
Балалармен жеке-бағытталған тәсіл негізінде жұмыс жүргізеді.
Дамуында ерекшеліктері бар балалармен түзету іс-шараларын жүзеге асыратын мамандарға көмек көрсетеді, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы тәрбиелік-білім беру жұмысын жоспарлайды, балалардың жеке білім алу қажеттіліктерін ескереді.
Тәрбие-білім беру қызметін қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде жобалайды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалардың бірлескен тәрбиеленуі мен оқытылуы жағдайында әлеуметтендіруді қамтамасыз етеді, мектепке бару кезінде тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін әр балаға жеке тәсіл қолданады.
Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік педагогикалық тәжірибелерді зерделейді, жинақтайды және енгізеді.
Ата-аналарға мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес береді, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының, соның ішінде отбасының қатысуымен «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру саласының даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
психология мен педагогиканы, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, санитарлық нормалар мен ережелерді;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат;
немесе техникалық және кәсіптік білім (тиісті бейін бойынша) еңбек өтіліне талап қойылмай қабылданады;
және (немесе) жоғары біліктілік деңгейі бар болған жағдайда:

педагог-модератор, педагог-эксперт үшін — мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші лауазымында кемінде 2 жыл;
педагог-зерттеуші — кемінде 3 жыл;
педагог-шебер — кемінде 5 жыл еңбек өтілі талап етіледі;

орта біліктілік деңгейі бар болған жағдайда:

педагог-модератор үшін — кемінде 2 жыл;
педагог-эксперт үшін — кемінде 3 жыл;
педагог-зерттеуші үшін — кемінде 4 жыл.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес өткізіледі («Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының конкурстық тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы»).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық нұсқасы (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіледі);
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
психоневрологиялық диспансерден анықтама;
наркологиялық диспансерден анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагогтің біліктілік санаты бар екендігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы (11-қосымшаға сәйкес).

Құжаттар конкурстық хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттардың біреуінің болмауы үміткердің құжаттарын кері қайтаруға негіз болады.
Кандидаттар өздерінің кәсіби деңгейі мен тәжірибесін растайтын қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми атақтар мен дәрежелер, әдістемелік еңбектер, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Көктем» шағын ауданы, 17а үй.
Анықтама телефондары: 272-31-87, 72-31-88, 72-31-86.
Электрондық пошта: koktem.2017@mail.ru

 

 

 

Просмотров: 66


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст