Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Көктем» бөбекжай» МКҚК (негізгі қызметкердің декреттік демалысы) кезеңіне тәрбиеші лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық айлық жалақысы: еңбек өтіліне байланысты 131 600 теңгеден 143 322 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, тәрбиелеу мен оқыту барысында денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына, жас ерекшелігіне сай оқу қызметінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асырады, заттық-дамытушы ортаны қалыптастырады, балалардың (ойын, танымдық, қимыл-қозғалыс, бейнелеу, еңбек) іс-әрекетін басқарады.
Балалармен жеке-бағытталған тәсіл негізінде жұмыс жүргізеді.
Дамуында ерекшеліктері бар балалармен түзету іс-шараларын жүзеге асыратын мамандарға көмек көрсетеді, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы тәрбиелік-білім беру жұмысын жоспарлайды, балалардың жеке білім алу қажеттіліктерін ескереді.
Тәрбие-білім беру қызметін қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде жобалайды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалардың бірлескен тәрбиеленуі мен оқытылуы жағдайында әлеуметтендіруді қамтамасыз етеді, мектепке бару кезінде тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін әр балаға жеке тәсіл қолданады.
Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік педагогикалық тәжірибелерді зерделейді, жинақтайды және енгізеді.
Ата-аналарға мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес береді, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының, соның ішінде отбасының қатысуымен «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру саласының даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
психология мен педагогиканы, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, санитарлық нормалар мен ережелерді;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес өткізіледі («Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының конкурстық тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы»).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттар конкурстық хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттардың біреуінің болмауы үміткердің құжаттарын кері қайтаруға негіз болады.
Кандидаттар өздерінің кәсіби деңгейі мен тәжірибесін растайтын қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми атақтар мен дәрежелер, әдістемелік еңбектер, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Көктем» шағын ауданы, 17а үй.
Анықтама телефондары: 272-31-87, 72-31-88, 72-31-86.
Электрондық пошта: koktem.2017@mail.ru