Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Көктем" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли -сад "Көктем" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Консультациялық қызметті ұйымдастыру туралы ата-аналарға арналған ереже.

 

Консультациялық қызметті ұйымдастыру туралы ата-аналарға арналған ереже.

Ата-аналарға арналған кеңес беру пункті  жұмысының мақсаты мен міндеттері (бұдан әрі АКП)

АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

АКП міндеттері:

1) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың мәселелері бойынша отбасылық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың мектепке қабылдануына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ата-аналарына психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

2) ата-аналармен жұмыс жасауда серіктестік байланысты орнатуға көмек көрсету;

3) мектеп жасына дейінгі балаларға дербес нәтижеге бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру;

4) балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсететін басқа да ұйымдардың мектепке дейінгі ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

5) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге көмек көрсету;

6) ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар: диспуттар, жас отбасылар фестивальдері, конференциялар, ата-аналар жиналыстары, экскурсиялар ұйымдастыру;

7) ақпараттық және "консультациялық" парақтарды, анықтамалық басылымдарды, естеліктерді, жарнамаларды әзірлеу және тарату, интеллектуалдық ойындарды, сауалнамаларды, конкурстарды және танымдық-оқыту тренингтерін өткізу;

8) отбасы тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердың қызметін ұйымдастыру (бұдан әрі АКП)

1. АКП қызметі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының шеңберінде меңгеруші, тәрбиеші, әлеуметтік мұғалім, психолог, логопед, медициналық қызметкер, дефектолог (логопед) және басқа мамандардың қызметтерінің негізінде ұйымдастырылады.

2. Ата-аналарға консультация бір немесе бірнеше маманның бір мезгілде түрлі топтық, топшалар, жеке формалары арқылы жүргізілуі

мүмкін.

3. АКП пен балалардың ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) арасындағы өзара қарым-қатынас қызмет көрсетудің ауқымы мен мерзімін, төлем мөлшері мен басқа да талаптарды айқындайтын шартпен реттеледі.

 Консультациялар әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық- педагогикалық және медициналық-сауықтыру бағыттары бойынша жүргізіледі:

1) педагогикалық, психологиялық және медициналық бейіндегі жоғары білікті мамандарды іріктеу;

2) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге, оқытуға және дамытуға қатысты жеке және дифференциалды тұрғыдан келу мәселелерінде консультациялық көмек алудағы ата-аналардың қажеттіліктерін талдау;

3) мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау, олардың тәрбиесін түзету және дамыту мәселелері бойынша көшпелі консультациялық көмек көрсетумен қамтамасыз ету;

4) балалармен жүргізілетін педагогикалық және психологиялық өзара іс-қимылдың өзекті проблемаларына арналған ата-аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар өткізу;

5) балаларды когнитивті, әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық тұрғыдан дамытуды психологиялық-педагогикалық алып жүру бойынша тақырыптық консультациялар жүргізу.

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.11.2023 09:27
Құрылған күні: 01.11.2023 09:27

Текст