Ертеңгілік
қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
Ø Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
Ø Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.
Ø Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.
Ø Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
Ø Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдаманыз.
Ø Балаға анық түсінік беру керек.
Ø Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық
жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
- Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей
етіп ұйымдастыруға жұмсаныз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі
тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы
шарттарына үйретініз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ
ішкенде қасықты пайдалану.
- Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен
құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде
қонуға қалсын. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер
арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне
ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін
түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.
- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп
шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін
түсіру қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай
білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен
бастап–ақ үйреніп кететіне сеніңіз.