Наурыз айында «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткізілген іс-шаралар
1-апта «Ізгіліктің бір ізі – алғыс» (тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының және педагогтердің қатысуымен) – Челлендж ұйымдастырылды.
Апта бойы тәрбиеленушілер, ата-аналар және педагогтер арасында «Ізгіліктің бір ізі – алғыс» челленджі ұйымдастырылды. Челлендж аясында қатысушылар өз өміріндегі маңызды адамдарға алғыс білдіріп, оны фото, бейнежазба және жазбаша пост түрінде ұсынды.
2-апта «Еңбектің наны тәтті»
Балаларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірілді. Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа сезімдері қалыптастырлды. Балалар еңбектің маңызын түсіне білді. Еңбекке деген қызығушылықтары арта түсті. Өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Ұқыптылық, шыдамдылық дағдылары қалыптастырылды.
3-апта «Наурыз-жыл басы!»
Ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында балалар тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.Ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, «Тұсаукесер», «Шашу» рәсімдері ұйымдастырылды. Балалар айтысып, Алдар көсе келіп «Арқан тарту», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.Көрініс барысында Қыдыр ата келіп, балаларға ақ батасын берді. Ертеңгілік соңында қатысушыларға ншашу ұсынылып, мереке жоғары деңгейде аталып өтті.
