Текст
Бүгін біздің кішкентай бүлдіршіндер қазақтың дәстүрлі киімдерімен танысты.
Балалар камзол, шапан, сәукеле сияқты ұлттық киімдердің ерекшеліктерін біліп, олардың әсемдігі мен маңызын талқылады.
Іс-әрекет барысында балалар ұлттық киімдерді киіп көріп, өз әсерлерімен бөлісті. Әр бала өзін нағыз қазақ батырлары мен аруларындай сезініп, ерекше көңіл-күйге бөленді. Бұл олардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізге құрметпен қарауға тәрбиелейді.