«Теңге алу» ойыны – қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: Ептілікке, жылдамдыққа, батылдыққа тәрбиелеу. Көз мөлшерін, қозғалыс үйлесімін дамыту. Ұлттық ойындарға қызығушылық ояту.
Ойын барысында балалар белгіленген қашықтықта орналасқан «теңгені» тез әрі дәл алуға тырысты. Қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйлестіріп, жылдамдық пен ептіліктерін көрсетті, ойын ережесін сақтай отырып, белсенді қатысып, ұлттық ойынға қызығушылық танытты.

«Ақша жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен».
Рөлдік ойын барысында балалар сатушы мен сатып алушы рөлдерін атқарып, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, заттардың бағасын атап, сатып алу үшін ақша төлейді, қайтарым ақшаны алады, сыпайы сөйлесуді, кезек күтуді және қаржыны ұқыпты пайдалануды үйренеді.

«Біз экологпыз» танымдық-эксперименталдық іс-әрекеті барысында балалар қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтті, табиғат құбылыстарын бақылап, қарапайым тәжірибелер жасады. Табиғат Анаға сүйіспеншілікпен қарау, туған жерін қорғау, мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған әрекеттер орындады. Экологиялық тәрбие беруге бағытталған тапсырмаларды қызығушылықпен жасады.
