Текст
26-30 сәуір аралығында балабақшамыздың жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілік және әр түрлі мамандық иелеріне құрмет көрсету мақсатында балабақшада көктем және еңбек күніне арналған іс-шаралар өтті. Бір апта бойы балалармен "Біз бейбітшілікте, достықта өмір сүреміз!" байқауы, "Менің отбасымның мамандықтары" фотобайқауы, "Күн, қуаныш пен Көктем" атты асфальтта балалар сурет салды. Әр баланың жадында осы көктем күні туралы жарқын естеліктер сақталады.