20 мамыр күні «Көктем» бөбекжайы МКҚК қызметкерлері үшін антитеррор бойынша дәрістер өткізілді.
Дәрістің бірінші тақырыбы «Террористік сипаттағы анонимді қоңыраулар түскен кезде ТТО объектілері қызметкерлерінің іс-әрекеттері».
Дәрістің екінші тақырыбы «Террорлық тұрғыдан осал объектілердің қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар мен иесіз заттарды тауып алу әрекеті».
Дәрісті ҚР ҰҚКД ТҚО бөлімінің қызметкері М. Ж. Сарбасов оқыды.
Бұл тақырыптар біздің заманымызда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені қазіргі әлемде бізді көптеген қауіптер қоршап алады. Бірақ көбінесе біз оларға дайын емеспіз және белгілі бір жағдайда не істеу керектігін білмейміз.
Дәріс барысында қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде, бейтаныс адамдармен және күдікті заттармен өзін қалай ұстау керектігі айтылды. Қызметкерлер дәрісті мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.