03.02.2026
Балалар қыстайтын жануарлар түрлерімен танысты; Жануарлардың қыс мезгіліне бейімделу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасты; Табиғатқа, жануарларға қамқорлықпен қарауға түсініктері қалыптасты; Сөздік қоры молайтып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйренді.

«Судың сиқыры: мұздану және еру» тәжірибесі
Балалармен судың мұзға айналуы және мұздың еруі туралы қарапайым түсінік қалыптастырылды; Су күйінің өзгеруін бақылау арқылы балалардың танымдық қызығушылығы арттырылды;
Бақылау, салыстыру және зерттеушілік дағдылары дамытылды; Табиғат құбылыстарына ұқыпты, қызығушылықпен қарауға тәрбиеленді.
Тәжірибе барысында балалармен бірге даладағы қар әкелініп, су қосу арқылы әртүрлі фигуралар жасалынды. Жасалған фигуралар боялып, бақылау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысы балалардың қызығушылығын тудырып, олар тәжірибені үлкен ықыласпен тамашалады. Қардың еріген кезде суға айналатынын балалар өз көздерімен көріп, қолмен ұстап, тәжірибе арқылы дәлелдеді.
