«Педагог және Заң»

24.02.2026
«Көктем» бөбекжайында «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес ұжым арасында «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында педагог қызметкерлерге Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, педагогтің құқықтары мен міндеттері, еңбек тәртібі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, заң талаптарын сақтау – кәсіби жауапкершіліктің негізі екендігі атап өтілді.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және ұжымда тәртіп пен жауапкершілікті нығайту.

          

Просмотров: 550


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу