24.02.2026
«Көктем» бөбекжайында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту және отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Ата-аналарға мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық талаптар түсіндіріліп, балалардың тәртіптілік, заңға құрмет және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында отбасы мен балабақша арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
