«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Көктем» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное комунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Көктем» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолской области» Кокшетау

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпан айында «Экологиялық тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген іс-шаралар

04.03.2026

1-апта тақырыбы: Мини зерттеу «Ауаны не ластайды?»

          

2-апта тақырыбы: Интерактивті карта – «Жаһандық экологиялық мәселелер»

Іс-шара барысында балалармен интерактивті карта қолданылды. Карта арқылы әлемнің әртүрлі аймақтарындағы экологиялық мәселелер көрсетілді. Интерактивті карта арқылы балалар:

  • Елдерді көрсетті;
  • Табиғат аймақтарын атады;
  • Мәселелерді сурет арқылы байланыстырды;
  • Өз ойларын айтты.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы экологиялық мәселелерге де тоқталдық. Балалар Арал теңізі туралы қысқаша мәлімет алды. «Интерактивті карта – Жаһандық экологиялық мәселелер» іс-шарасы балалардың танымдық қызығушылығын арттырды. Олар өздерін кішкентай зерттеуші ретінде сезініп, табиғатты қорғаудың маңызын түсінді.

         

3-апта тақырыбы: Онлайн викторина - «Табиғатты қорға»  

Экологиялық тәрбие апталығы аясында балалар арасында «Табиғатты қорға» атты онлайн викторина ұйымдастырылды. Викторина сұрақ-жауап, сурет арқылы тану және «дұрыс/бұрыс» форматында өтті.

Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін айту, түсіндіру. Викторина барысында презентация көрсетіліп, сұрақтар бойынша жауаптар табылды.

     

4-апта Тақырыбы: Мультфильм «Фиксиктер. Экология»

Экологиялық тәрбие апталығы аясында балаларға Фиксиктер мультсериалының «Экология» тақырыбындағы бөлімі көрсетілді.

Мультфильм көру алдында балалармен әңгімелесу жүргізілді:

  • Экология дегеніміз не?
  • Табиғатты қалай қорғауға болады?

Көрсетілім барысында балалар кейіпкерлердің табиғатты қорғау туралы түсіндірмелерін қызығушылықпен тамашалады. Мультфильмде қоқысты дұрыс тастау, ауаны және суды ластамау, энергияны үнемдеу туралы айтылды.

Просмотров: 211


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст