06.03.2026
1-апта тақырыбы: «Қауіпті заттар мен жағдайлар»
Мақсаты: Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпті жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап сақтауға тәрбиелеу.
Қауіпсіздік - дегеніміз ол өзін қорғау және сақтау.
2-апта тақырыбы: «Көшеде және жолда»
- Балаларға жолда жүру ережелерін, әсіресе көше мен жолдың белгісін қалай түсіну керектігін түсіндіру қажет. Жасынан бастап көше белгісі мен бағдаршамның мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс қолдануға үйрету маңызды.
- Балаларға тек жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту керек екенін, көліктер тоқтағаннан кейін ғана көшені кесіп өтуге болатынын үйрету керек. Әсіресе көше бойындағы бағдаршам мен жаяу жүргіншілер өткелін қалай пайдалану керектігі туралы айтқаныңыз жөн.
- Балаларға көшеде ойнауға болмайтынын, әсіресе көлік қозғалысы бар жерлерде қауіп барын түсіндіру қажет. Ойын алаңдарын, балаларға арналған қауіпсіз орындарды ғана пайдалану керек екенін ескерткіміз келеді.

3-апта «Құтқарушы болу құрмет!»
Мақсаты: Балалардың құтқарушы мамандығы туралы білімдерін жалпылау. Балалардың құтқарушы мамандығы туралы білімдерін кеңейту және нақтылау. Өрттердің шығу себептері туралы білімдерін жалпылау және жүйелеу. Өрт сөндіру құралдары туралы білімдерін және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын бекіту. Балалардың өрт сөндіру қызметінің телефон нөмірі туралы білімдерін бекіту және оны қолдана білу.
4-апта «Біздің көмекшілеріміз»
Балалардың денсаулығын сақтау мен дамуына жағдай жасау:
Көмекшілер балалардың денсаулығын бақылап, оларды уақытында тамақтандыру, ұйқы режимін сақтау, денсаулықты қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Балаларға психологиялық және эмоциялық қолдау көрсету:
Көмекшілер балалардың эмоционалдық дамуына көмектесіп, олардың жағымды көңіл-күйде болуына жағдай жасайды. Олар балаларға мейірімділік пен сүйіспеншілікпен қарайды, олардың сенімін арттырады.
