«Көрісу күні»

17.03.2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде балабақшамызда «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» және «Әкелер мектебінің» қатысуымен мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілуде.

Осы ретте балабақшамызда «Көрісу күні» мерекесі де кеңінен аталып өтті. Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен жылы жүздесіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдіреді. Іс-шараға ата-аналар мен үлкен буын өкілдері қатысып, балаларға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы сыйластық пен бауырмалдық қасиеттері дәріптелді.

               

Просмотров: 60

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу