Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17.03.2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде балабақшамызда «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтті.

Аталған күннің мақсаты – балаларға халқымыздың бай мәдени мұрасын таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысып, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрлердің маңызын түсінді.

Сонымен қатар, балаларға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлттық мәдениетті қастерлеу секілді адамгершілік қасиеттер насихатталды. Бұл күн өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

   

Просмотров: 432


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу