Шаңырак күні

17.03.2026

Көктем бөбекжайында Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» кеңінен аталып өтті.

Бұл күні бөбекжай ұжымы бір шаңырақ астында жиналып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Шаңырақ – бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен берекенің нышаны екені ерекше атап өтілді.

Іс-шара барысында ұжым арасында жылы әрі шынайы қарым-қатынас орнап, көтеріңкі көңіл күй сезілді. Осындай игі шаралар әріптестер арасындағы сыйластықты арттырып, ұйымшылдықты нығайта түседі.

Берекелі шаңырақ пен тату ұжым – табысты еңбектің негізі. 🌷

         

 

Просмотров: 428


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу