Текст
17.03.2026
Көктем бөбекжайында Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Жаңару күні» аталып өтті.
Аталған күннің мақсаты – балаларға еңбекқорлықты, тазалықты, табиғатқа деген жанашырлықты және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Осы орайда тәрбиеленушілер аула тазалаушы ағайларға көмек көрсетіп, ауладағы қарды тазалауға және ағаштардың түбін ретке келтіруге белсене қатысты.
Іс-шара барысында балалар еңбектің маңызын түсініп, бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланды. Мұндай игі бастамалар арқылы тәрбиеленушілердің бойында жауапкершілік, қамқорлық және «Адал азаматқа» тән жақсы қасиеттер қалыптасады.
