17.03.2026
Көктем бөбекжайында Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Ұлттық спорт күні» аталып өтті.
Аталған күннің мақсаты – тәрбиеленушілерді ұлттық ойындармен таныстыру, олардың дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Тәрбиеленушілер «Арқан тарту», «Асық ату», «Ханталапай» сияқты ұлттық ойындарға белсене қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Ойын барысында ұйымшылдық, достық, өзара қолдау сияқты қасиеттер қалыптасты.
Мұндай іс-шаралар балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, денсаулығын нығайтуға және «Адал азаматқа» тән қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал етеді.
