Ынтымақ күні

17.03.2026

Көктем бөбекжайында Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Ынтымақ күні» аталып өтті.

Аталған күннің мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында достық, татулық, өзара сыйластық және бірлік құндылықтарын қалыптастыру. Іс-шара барысында балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, ынтымақ пен ұйымшылдықтың маңызын түсінді.

Осындай іс-шаралар балаларды бірлікке, татулыққа тәрбиелеп, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

   

Просмотров: 604


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу