Текст
17.03.2026
Көктем бөбекжайында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Мереке Наурызнама онкүндігі аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, татулық пен ізгіліктің мейрамы. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.
Мерекеге ата-аналар мен педагогтер қатысып, балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ақ тілектерін арнады. Балалар мерекелік көңіл күй сыйлап, өнерлерін көрсетті.
Осындай игі шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлттық мәдениетке деген құрмет қалыптастырады.