Мектепке дейінгі ұйымнан балаларды шығару және 1-сыныпқа қабылдау тәртібі туралы ата-аналар жиналысы

19.03.2026

Мектепке дейінгі ұйымнан балаларды шығару және 1-сыныпқа қабылдау тәртібі туралы мектепалды топтарының ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында ата-аналарға мектепалды тобы тәрбиеленушілерін мектепке шығару тәртібі және 1-сыныпқа қабылдау кезеңдері туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімдері мен электронды өтініш беру жолдары түсіндірілді.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс өз мақсатына жетіп, ата-аналар қажетті мәліметтермен толық қамтылды.

      

Просмотров: 1271


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу