03.04.2026
1-апта тақырыбы: Метеостанциямен ауа райын бақылау
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер метеостанция құралдарымен таныстырылды. Педагог балаларға ауа температурасын, желдің бағыты мен жылдамдығын, ауа ылғалдылығын бақылау жолдарын түсіндірді. Балалар термометр арқылы ауа температурасын өлшеп, аспан күйін (ашық, бұлтты, жауын-шашынды) бақылады. Сонымен қатар, желдің бағытын анықтап, күнделікті ауа райы туралы өз ойларымен бөлісті. Бақылау нәтижелері арнайы күнделікке белгіленіп отырды. Балалар табиғаттағы өзгерістерді салыстырып, қарапайым қорытынды жасауға үйренді. Экологиялық тәрбие апталығы өз мақсатына жетті.
2-апта
Тақырыбы: Терезе алдындағы өсімдіктерді QR- кодтар арқылы егетін жоба
Бұл жоба балалардың табиғатпен байланысын нығайтып қана қоймай, заманауи технологияларды қолдану арқылы білім алуға деген қызығушылығын арттырады.
3-апта
Тақырыбы: «Тамшы саяхатшы» жобасы мультфильмен бірге
Мультфильм көру: «Тамшы саяхатшы» тақырыбындағы танымдық мультфильм көрсетіледі. Балалар су тамшысының табиғаттағы саяхатын бақылайды. «Тамшы саяхатшы» жобасы балалар үшін қызықты әрі танымдық өтті. Мультфильм арқылы алынған білім тәжірибе және шығармашылық жұмыстармен бекітіліп, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы артты.