Текст
№17 "Көктем" балабақшасында "Инновациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту" тақырыбында педкеңес өтті. Педагогтар "Инновациялық технологиялар мен әдістер арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту", "Баланың тілін дамытуда аквагимнастика, биоэнергопластика, кинезиологиялық жаттығуларды қолдану" атты баяндамалар дайындады. Сонымен қатар педагогтар "Үздік сөйлеу орталығы" көрмесін ұйымдастырып, өз шеберлігін көрсетті.