Текст
Біздің балабақшада жазғы серуен көбінесе таза ауада өткізіледі. Осыған байланысты педагогтар алаңда әртүрлі іс шаралар;спорттық және қозғалмалы ойындар, ойын-сауықтар, балалардың жеке ойыны, еңбек, эксперименталдық қызметін ұйымдастыру арқылы балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады.
Жазғы кезеңде балаларды қабылдау таңғы серуеннен, жаттығудан басталады және таза ауада кешкі серуенмен аяқталады. Тәрбиешілер ата-аналармен балаларының көңіл-күйі, денсаулығы туралы әңгімелеумен коштасады, ал ауа райы қолайсыз жағдайда балаларды қабылдау мен күту топта жүзеге асырылады.
Сауықтыру жұмыстары: ауа және күн ванналары, ұйқыдан кейінгі гимнастика, жалаңаяқ жүру, жылы күндерде аяққа су құю сияқты шынықтыру шараларына негізделеді.