Ата-аналарға ұсыныс:
1. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.
2. Салалық дәрігерден алдын-ала біліп алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса,онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.
3. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз. Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.
4. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.
5. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға
байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.
6. Өз уақытыңызды былай жоспарлаңыз: баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.
7. Баланы өзі жақын арада келетін топтыңбалаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.
8. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.
9. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ.