Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Көктем" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли -сад "Көктем" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың бала бақшаға бейімделуі

28.06.2017

Баланың балабақшаға бейімделуі.

         Ұлы педагогтардың пiкiрiнше, баланың эмоцианалды көңілінің дамуы оның тәрбиесiнiң

ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Баланың эмоционалды күйзелуі

болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi

эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді. Міне осыған орай баланың эмоционалды,әлеуметті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.

  Ата-аналарға балалардың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес.

   Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада

таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді,ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

*Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,
*Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).
* Балабақшаға

келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады.Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
*Балаңызбен

үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айтасыз ба?

*Ата-аналардың балаға

эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.

Бейімделудің үш түрі бар.

-   жеңіл түрі - баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

-   орташа ауырлық бейімделу - 1 айдың ішінде;

-   ауыр бейімделу - 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

 

   Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст