Текст
Жазғы серуен
Табиғатты бақылауға ,оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын
шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Балаларды табиғатты бақылауға және оның
қарапайым көріністеріндегі қызықты нәрселерді көре білуге,табиғат
құбылыстарымен байланыстар орната білуге үйрету біздің міндетіміз.
№17 «Көктем» балабақшасы №11 «Ақ тиін» тобы балаларымен серуен кезінде
алаңда егілген гүлдерді бақылап,күнде суарып,топырағын қопсытып,қарап жүреміз.Серуенде
балалардың табиғатқа деген жақсы көз қарастары қалыптасады.
Сондай-ақ,серуен
барысында топ алаңында доппен балалар түрлі ойындар ойнап,дене бұлшық еттері
дамып,қимыл-қозғалыстар арқылы дене шынығады.