Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Көктем" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли -сад "Көктем" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдерге арналған сенсорлық бөлме

29.09.2020

   

    

2017 жылы МКҚК №17 "Көктем" бөбекжай -бақшасысының  базасында педагогтарға арналған сенсорлық кабинет ашылды. Кабинет Фребельдің ойын жиынтығымен, тактильді жолмен, Монтессори ойын жиынтықтарымен, ұсақ моториканы дамыту үшін, геометриялық фигуралармен, түстерді таңдау үшін   модульдарырмен, дидактикалық лабиринттермен, сурет салуға арналған жарық үстелімен жабдықталған.

Балабақшада М. Монтессори әдісі  бойынша жұмыс істеу үшін материалдық-техникалық база құрылды:

1. Монтессори материалдары жиналды.

2. Пәндік-дамытушылық орта құрылды.

4. Әдістемелік кабинетте тиісті әдебиеттер бар.

Күннің екінші жартысында балалардың  іс-әрекетінің барлық түрлерінде, педагогтар сенсорлық кабинетте материалдармен жұмыс жүргізеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты  балалармен іс-әрекет тақырыбы жалпы болып оны  жұмыстың мазмұны қалыптасқан дағдылардың күрделілігімен ерекшеленеді. Тақырыппен танысу барысында міндетті түрде баланың барлық анализатор жүйелері, барлық сезім мүшелерінің сезім кешендері қосылады. Барлық материал ашық сөрелерде, еденнен 1 м жоғары емес деңгейде орналасқан, бұл баланың таңдау еркіндігін қамтамасыз етеді.

Біз алдымызға міндет қойдық; зерттеу қызметі арқылы  балабақшадағы оқу процесінің тиімділігін арту. Тәрбиешілер Шайханова А.Н., Манапова А. Н,  Фребель технологиясын қолдана отырып жұмыс істейді, Орыс тілі мұғалімі өз тәжірибесінде Воскобович технологиясын қолданады, тәрбиеші Ахмедьярова А. А. құм терапиясын қолданады, педагог-психолог Кусанова Т.Б., М. Монтессори элементтерін қолдана отырып жұмыс істейді. Біздің балабақшаның көптеген тәрбиешілері педагогикалық қызметінде Квест, ТРИЗ, мнемокесте, денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

 

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст